Тимирязев ауданында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр
СҚО диқандары егін жинау науқанын қызу жалғастыруда. Тимирязев ауданындағы «Москворецкое» ЖШС бұл күндері арпа жинауға кірісті. Шаруашылықтың жалпы егіс алқабы 21 мың гектарды құрайды. Қазірдің өзінде мал азығы мен сүрлем толықтай дайындалған.
Бұл ауыл шаруашылығы құрылымында бидай мен арпадан бөлек, рапс, зығыр және жасымық дақылдары өсіріледі. Сондай-ақ алқаптың бір жарым мың гектарын демалдыру және ылғандандыру үшін бос қалдырған. Биыл кәсіпорын өндірістік базасын кеңейтіп, жаңа астық қоймаларының құрылысын бастады. Жақын арада мұнда заманауи астық тазарту жабдықтары орнатылмақ.
СНХ: ЕСІМБАЙ ҚОҚАНОВ, «МОСКВОРЕЦКОЕ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Серіктестікте 110 адам тұрақты еңбек етіп жатыр. Қазіргі таңда алқаптарда тәжірибелі механизаторлар жұмылдырылған. Оларға өнімділігі жоғары заманауи егін жинау кешендері үлкен көмек көрсетуде.
СНХ: СЕРГЕЙ СИГИДА – МЕХАНИЗАТОР
Қазіргі уақытта диқандар арпаны бастырып, сабанды будалап жинау жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, арпа жылуға аса талғампаз емес, кез келген топырақта жақсы өседі. Бұл дақыл егілгеннен кейін екі жарым-үш ай ішінде толық пісіп жетіледі
Егін жинау науқаны қызған шақ. Ауа райының құбылмалы болуына байланысты диқандар әрбір шуақты күнді пайдаланып қалуға тырысып жатыр.