Негізгі Жаңалықтар Өңірде жыл басынан бері 271 өрт тіркелді

Өңірде жыл басынан бері 271 өрт тіркелді

Өңірде жыл басынан бері 271 өрт тіркеліп, тілсіз жаудан 24 адам мерт болды. Сала мамандарының айтуынша, қайғылы оқиғалардың басым бөлігі қысқы кезеңде, яғни жылыту маусымында орын алады. Негізгі себеп пеш пен электр желілерін пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау. Осыған байланысты аймақта 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында өрт қауіпсіздігі айлығының алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Мамандар әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын баспаналарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

Департамент мамандары жергілікті әкімдік және полиция өкілдерімен бірлесіп, қазірге дейін 1 240-тан астам үйді аралап шықты. Өкінішке қарай, рейд барысында 657 үйде өрт қауіпсіздігінің 700-ден астам ереже бұзушылығы анықталған. Тексеріс кезінде басты кемшіліктер пеш жабдықтары мен электр сымдарынан табылып отыр. Сонымен қатар, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін үйлерге көміртегі тотығы мен түтінді анықтайтын арнайы құрылғылар орнатылуда. Маусым айынан бері 140-тан астамы қойылған. 

СНХ: АЯН ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бөлісу

Аймақтық телеарналар