Ауылдық мәдениет үйінің тынысы
Демалыс пен бос уақытты тиімді ұйымдастыру күш-қуатты қалпына келтіруге, жасырын таланттарды шыңдауға және өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Айыртау ауданына қарасты Арықбалық ауылында тұрғындардың көңілінен шығып, жанына мәдени, рухани азық сыйлайтын Мәдениет үйі белсенді жұмыс істеп тұр.
Арықбалық ауылында мыңға жуық халық тұрады. Тұрғындардың басым бөлігі белсенді өмір салтын ұстанатындықтан, бос уақыттарын тиімді өткізуге ерекше көңіл бөледі. Жергілікті Мәдениет үйінде балалармен қатар ересектерге де арналған жан-жақты іс-шаралар қарастырылған.
СНЕЖАНА ШЕПЕЛЬ АРЫҚБАЛЫҚ АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ
Жазғы уақытта да Мәдениет үйінің жұмысы тоқтамайды. Мәселен, оқушылар мұнда сәндік-қолданбалы өнермен айналысады. Тәжірибелі педагогтің жетекшілігімен балалар түрлі байқауларға қатысып, бақ сынайды.
АНАСТАСИЯ АИПОВА ПЕДАГОГ
Дұрыс ұйымдастырылған демалыс жаңа білім алып, пайдалы дағдыларды меңгеруге жол ашады.