Негізгі Жаңалықтар Петропавлда «Life Crafting» жобасы жүзеге асырылуда

Петропавлда «Life Crafting» жобасы жүзеге асырылуда

Петропавлда менталдық бұзылыстары бар, оның ішінде аутизм спектрі бұзылған балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған жоба биылғы жылдың шілде айынан бастап жүзеге асып жатыр. «Live Crafting» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясындағы бастама «Мой ребенок» қоғамдық бірлестігінде де іске асуда. Мұнда балалар түрлі үйірмелерге қатысып, өз қабілеттерін шыңдап, қатарластарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алады. 

«Live Crafting» жобасы аясында орталықта балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға арналған үйірмелер жұмыс істейді. Мұнда негізгі басымдық музыка, шығармашылық және спорт бағыттарына берілген. Балалар фортепиано мен барабанда ойнап, сурет салып, кесте тігу сынды шығармашылық бағыттарды меңгерсе, спорттық сабақтарда жүгіру, секіру, доппен жұмыс істеу арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігін арттырады.

СНХР: ТАТЬЯНА КОВАЛЕВА, «МОЙ РЕБЕНОК» ҚБ ЖЕТЕКШІСІ

Қазір жоба аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша орталыққа 50 бала қатысып, білім алып жатыр. Оларға төрт білікті маман түрлі бағыт бойынша сабақ береді. Барлық үйірме тегін негізде жүргізіледі. Бұл ата-аналар тарапына да балаларын жан-жақты дамытуға зор мүмкіндік беріп отыр. 

СНХР: АНАСТАСИЯ ГРИГОРЬЕВА-ЯКОВЛЕВА, АТА-АНА

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға сұраныс жоғары. Сондықтан жыл соңына дейін тағы 50-ге жуық баланы қамту жоспарланып отыр.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар