Негізгі Жаңалықтар СҚО ПД бастығы Жамбыл ауданының ПБ жеке құрамымен кездесу өткізді

СҚО ПД бастығы Жамбыл ауданының ПБ жеке құрамымен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты жергілікті жерлердегі нақты әрі күнделікті жұмыспен нығаяды. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров Жамбыл ауданының полиция бөлімі жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімі Азамат Бектасов пен ведомство ардагерлері де қатысты.  

Облыстық полиция басшысы жеке құрамға Ішкі істер министрлігінің талаптарын жеткізіп, негізгі басымдықтарды нақтылады. Атап айтқанда қатаң тәртіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жергілікті атқарушы органдармен тығыз өзара іс-қимыл.

СНХР: Руслан Назаров – СҚО полиция департаментінің бастығы

Жалпы аудандағы жедел жағдай тұрақты. Дегенмен жекелеген бағыттар тұрақты бақылауды талап етеді. Мәселен, өңірде пәтер ұрлығы 20,2 пайызға азайған, ал тергеліп, өндірісі аяқталған қылмыстық істердің саны 42-ден 79-ға дейін өскен. Жол қауіпсіздігі де ерекше бақылауда. Жол-көлік оқиғаларының саны 287-ге дейін азайғанымен, облыс жолдарында 25 адам қаза тапқан. Сондықтан жол-көлік оқиғаларының алдын алу полицияның басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда. 2024 жылғы сәуірден бері полицейлер абаттандыру ережелерін бұзудың 38 мыңнан астам фактісін анықтады.

СНХР: Арман Кұтұшев – ішкі істер органдарының ардагері    

Аудан полициясының жұмысы жергілікті атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылға негізделген. Ортақ міндет — құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметтік міндеттерді адал орындау. Осындай жүйелі жұмыс арқылы қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты нығая түседі. 


    

Бөлісу

Аймақтық телеарналар