Негізгі Жаңалықтар СҚО-да полиция қызметкерлері интернет-алаяқтыққа қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр

СҚО-да полиция қызметкерлері интернет-алаяқтыққа қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары тұрғындарға алаяқтардың жиі қолданатын арбау әдістерін түсіндіріп қана қоймай, сауда үйлері мен орталықтарындағы банкоматтардың жанында кезектен тыс кезекшілікті де күшейтті.

Алаяқтар көбіне дәл осы орындарда құрыққа түскен азаматтардың әрекетін қашықтан бақылап, оларды қаржылай операциялар жасауға итермелейді. Полиция қызметкерлері арнайы рейдтер, профилактикалық кездесулер мен акциялар ұйымдастырып, халықты барынша сақ болуға және күмәнді қоңырауларға сенбеуге шақыруда.

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ

Бөлісу

Аймақтық телеарналар