Петропавлда «Eco Move Qyzyljar» экологиялық акциясы өтті
Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы аясында «Eco Move Qyzyljar» экологиялық акциясы өтті. Басты мақсат – жастарды қоршаған ортаны қорғауға, туған қаланы абаттандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Ауқымды іс-шараға студенттер, оқушылар, еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бірінші Президент саябағына жиналған жастардың қарасы қалың. Жыл басынан бері 5 экологиялық акция ұйымдастырылған. Қатысушылар экологиялық бастамаға белсенді атсалысып, туған қаланың тазалығына өз үлестерін қосуда. Акция аясында аумақты абаттандырумен қатар, командалық сайыстар, интерактивті алаңдар ұйымдастырылды.
Снхр: ТИМУР ӘЛЖАНОВ — СҚО ЖАСТАР МАСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫ
«Eco Move Qyzyljar» биыл да жастарды бір мақсатқа жұмылдырып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті әдетке айналдыруға ықпал етеді. Ал акцияға қатысушылар үшін бұл – қала тазалығына үлес қосып қана қоймай, достарымен бірге пайдалы уақыт өткізудің мүмкіндігі.
Снхр: МЕРУЕРТ ТАЙЖАН — АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ
Айта кетейік, өткен жылы аталған акцияға 500-ден астам жас қатысқан. Биылғы іс-шара да жастардың экологиялық бастамаларға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.