Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімдігінде қыс пен жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Облыс әкімдігінде қыс пен жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен әкімдік отырыс өтті. Жиында әлеуметтік нысандардың қысқы кезеңге әзірлігі, мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы және атқарылған басқа да жұмыстар пысықталып, жауапты мамандарға бірқатар тапсырма жүктелді.

Жылыту маусымына алдын ала дайындық - оның ойдағыдай өтуінің кепілі. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысында қысқа қамдану жұмыстары қазірден басталды. Осыған байланысты облыс әкімдігінде тиісті жиын өтіп, 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Өңірде коммуналдық нысандарды қысқа қамдауға 70 млрд теңге қарастырылған. Бүгінде өңірдегі қазандықтардың 98 пайызы, білім беру нысандарының 99 пайызы, денсаулық сақтау ұйымдарының 98 пайызы және көпқабатты тұрғын үйлердің 90 пайызы дайын. Жергілікті атқарушы органдарға барлық жұмысты 15 қыркүйекке дейін аяқтау тапсырылды.

ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы: 

Кейін сөз кезегі "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры Анатолий Казановскийге берілді. Ол өз баяндамасында Петропавл 2-ЖЭО-ның жұмысына тоқталды. Кәсіпорынның белгіленген электр қуаты – 541 мегаватт, ал жылу қуаты – 712 гигакалория. Станцияда 12 қазандық және 7 турбоагрегат бар. Қазіргі уақытта №2 қазандық агрегатында реконструкция жұмыстары жүргізілуде.

АНАТОЛИЙ КАЗАНОВСКИЙ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры:

Петропавл қаласында да жылыту маусымына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Қазір шаһарда орталық жылу жүйесіне қосылған 1200-ге жуық көпқабатты тұрғын үй бар. Оның 90 пайызы қысқа техникалық тұрғыдан дайын. Денсаулық сақтау саласындағы 32 нысанның барлығы дайындық паспортын алған. Биыл шаһарда 7 шақырым жылу желісіне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі. Оның 6 шақырымы Петропавл жылу желілеріне тиесілі.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, Петропавл қаласының әкімі: 

Барлық баяндаманы тыңдағаннан кейін өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырма берді. 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Жиында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы да сөз болды. Облыста 442 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Ондағы тәрбиеленушілер саны 14 мыңнан асады. Биыл бір балабақшада күрделі, 8-інде ағымдағы жөндеу жүргізілген. Барлық жұмыс аяқталды. 77 балабақшада жылыту жүйелері қысыммен тексеріліп, дайындық паспорттары алынған. Бұдан бөлек теріскейдегі орта білім беру мекемелері де жаңа оқу жылына дайын. 

Айнагүл Сұрағанова, СҚО білім басқармасының басшысы: 

Жиында білім беру саласына бөлінетін қаржы көлемі де айтылды. Соңғы үш жылда бұл бағытқа 483 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Осы кезеңде 510 орындық үш балабақша салынған. Тағы бір 280 орындық балабақшаның құрылысы аяқталуға жақын. Облыс орталығында 1200 орындық екі мектеп пайдалануға берілген. Сонымен қатар бірқатар білім нысанында күрделі жөндеу жүргізілуде.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Бұдан бөлек жиын соңында облыс әкімі мектеп маңындағы жол инфрақұрылымына қатысты мәселе көтерді. Облыста анықталған 104 кемшіліктің тек 20-сы, яғни 19 пайызы ғана жойылған. Оның ішінде мектептерге жақын аумақтардағы жол қауіпсіздігіне қатысты ескертулер де бар. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмысты сынға алып, анықталған барлық кемшілікті 10 қыркүйекке дейін жоюды тапсырды. Жауапты басшыларға мәселені жеке бақылауға алу міндеттелді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар