Негізгі Жаңалықтар SKO Hub-та дрондарды басқару бойынша практикалық Bootcamp өтті

SKO Hub-та дрондарды басқару бойынша практикалық Bootcamp өтті

Петропавлдағы SKO Hub алаңында ұшқышсыз авиациялық жүйелер бойынша төрт күндік практикалық Bootcamp басталды. Оған педагогтер, аудандық IT-орталықтардың мамандары және технологиялық бағытқа қызығушылық танытқан ересектер қатысып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – заманауи дрон технологияларын меңгертіп, алған білімді өңірде одан әрі дамыту.

Қатысушылар алдымен дрондардың құрылымы мен жұмыс істеу принциптерімен танысты. Одан кейін құрылғыларды жинау, баптау және қауіпсіз пилоттаудың негізгі тәсілдерін үйренді. Бағдарламада FPV-дрондарға да ерекше көңіл бөлінген. Бұл бағытта құрылғыны басқару үшін тәжірибе мен тұрақты жаттығу қажет.

СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, «SKO HUB» ДИРЕКТОРЫ

Төрт күнге жоспарланған курс барысында қатысушылар теориямен қатар тәжірибелік тапсырмаларды да орындайды. Сарапшының айтуынша, дрондарды басқару – тек құрылғыны ұшырумен шектелмейді. Әсіресе FPV-дрондарды меңгеру үшін ұзақ уақыт жаттығу қажет. Ал алынған дағдыларды қатысушылар кейін өздері жұмыс істейтін аудандық IT-орталықтарда да үйрете алады.

СНХР: АЛЕКСЕЙ КОЛОКОЛЬЦЕВ, «SKO HUB» РЕЗИДЕНТІ

Бүгінде Bootcamp-қа шамамен жиырма адам қатысып отыр.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай оқыту бағдарламалары алдағы уақытта аудандық IT-орталықтарда да жалғасын табуы мүмкін. 

Бөлісу

Аймақтық телеарналар