Петропавлда 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Ел біріншілігінде республиканың 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 400-ге жуық жас балуан бақ сынауға ниет еткен.
Дәстүрлі қазақ күресін дамыту мен дәріптеуге бағытталған чемпионатқа ұлттық спорттың ардагерлері, бапкерлер мен жанкүйерлер де қолдау білдіруде. Салтанатты ашылу рәсімі Александр Винокуров Спорт сарайында өтті. Оған Туризм және спорт ми-нистрлігінің өкілдері мен облыс басшылығы қатысты.
СНХР: МЕЙІРЖАН БЕРЕКЕТОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Чемпионат барысында ерлер мен әйелдер арасында жалпы 17 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынады. Ерлер сегіз салмақ пен абсолюттік «Түйе балуан» дәрежесінде белдессе, әйелдер дәл осы салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
СНХР: АЙСҰЛУ СӘРСЕНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Қазақ күресі – халқымыздың рухын, күш-қайратын және ұлттық болмысын айшықтайтын асыл мұра. Күш атасын танымас дегендей, бұл додада әр балуан жеңіс үшін барын салмақ. Чемпионат 24 шілдеге дейін жалғасады.