2025 жылдан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау жүзеге асырылуда. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша стационар, жартылай стационар және уақытша тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 10 орталық жұмыс істейді. Өткен жылы бұл мекемелердің барлығы тиісті рұқсат құжаттарына, яғни лицензияға ие болды.
2026 жылдың 1 сәуірінен бастап облыс аудандары мен Петропавл қаласында үй жағдайында қызмет көрсететін арнаулы әлеуметтік көмек орталықтары ашылды. Бүгінгі таңда бұл мекемелердің төртеуі лицензия алып үлгерді.
Снх: ГАУХАР ҒАБДУЛЛИНА, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы