«Жас келсе – іске» дейді дана халқымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бірпалаталы «Құрылтайға» жастарды тартуды да тапсырған болатын. Биылғы жаңа сайлау жүйесі бойынша партиялық тізімдерде жастар үшін міндетті түрде 30% квота қарастырылған. Бұл өз кезегінде жастардың, соның ішінде мемлекеттік қызметте, үкіметтік емес ұйымдарда және ғылыми қауымдастықтарда ысылған мамандардың ұлттық мүдделерді қорғауға тікелей үлес қосуына жол ашады. Бұл бастаманы Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі де қолдайды.