Негізгі Жаңалықтар «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Солтүстік Қазақстанда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды. Биыл ақтық сынға 27 отбасы жолдама алған. Оның 24-і түрлі аталым бойынша марапатталса, үздік үштік жүлделі орындарды өзара бөлісті. Байқаудың бас жүлдесін еңбек өтілі 300 жылдан асатын механизаторлар әулеті - Қаражұмановтар отбасы иеленді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы елімізде отбасы институтын нығайтуда және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуда маңызды рөл атқарады.

Снх: АСҚАР ХАБИБУЛИН, СҚО ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Іргесі берік, берекелі отбасы мықты мемлекеттің тірегі. Байқау үміткерлерінің арасында Мағжан Жұмабаев ауданынан келген Сәлімовтер отбасы да бар. Бұл әулет медицина саласында адал қызмет етіп келе жатқан жандар.

Снх: СӘБИТ СӘЛІМОВ, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫ

Жүлделі 3-орынды Тимирязев ауданының үміткерлері алса, 2-орын Шал ақын ауданының өкілдеріне бұйырды. Ал жеңімпаз отбасы - Мамлют ауданынан келген механизаторлар династиясы Қаражұмановтар әулеті. Мұрат Қаражұманов жұбайымен бірге үш перзент тәрбиелеп өсірген. Қазір немерелеріне тәлім-тәрбие беріп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге көрсетіп отыр.

Снх: МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Енді Қаражұмановтар әулеті аймақ намысын республикалық кезеңде қорғайды. Бұл байқау салт-дәстүрді ұлықтап, еңбек пен отбасылық құндылықтарды қастерлейтін өнегелі әулеттерді бүкіл елге таныта түспек.

Бөлісу