Негізгі Жаңалықтар Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады

Елімізде күшіне енген жаңа Конституция қоғам өмірінің түрлі саласын қамтиды. Соның ішінде отбасы институтын нығайтуға, отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамаларға ерекше көңіл бөлінуде. 

Отбасын қолдау орталығының негізгі міндеті – отбасы институтын дамыту, отбасы құндылықтарын насихаттау және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету. Сондықтан Конституциядағы өзгерістер бұл саланың дамуына жаңа серпін береді. Әсіресе, жастар арасында жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыру мен отбасы тұрақтылығын нығайту бағытындағы жұмыстарға оң әсерін тигізеді.

СНХ: ОРАЛҚАН ҚАРЖАУ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ 

Бөлісу