Петропавл іргесінде үш күн бойы тұрған ондаған ауыр жүк көлігінің мәселесі шешілді. Тәртіп сақшылары мен жергілікті билік жағдайды толық бақылауға алды. Жүргізушілер талапқа бағынып, салмақтық тексерістен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 16 шілдеден бастап Петропавл қаласының оңтүстік шыға берісінде бірнеше ондаған ауыр жүк көлігі жиналды. Жүргізушілер кабиналарынан шығып, көліктерін жол жиегінде қалдырған болатын. Полиция ауыр жүк көліктерін тәулік бойы күзетке алды. Жағдай жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болды. Патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел қимылдайтын арнайы жасақ қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Нәтижесінде жол-көлік оқиғаларына, құқық бұзушылықтарға және өзге де заңға қайшы әрекеттерге жол берілген жоқ.
СНХР: Алтынбек Жамалиев – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы 01236.MTS
Жағдай Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жүсіповтің ерекше бақылауында болды. Ол ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен жеке кездесіп, заң талаптарын қатаң сақтау және автомобиль жолдарын бүлдіруге жол бермеу қажеттігін атап өтті.
СНХР: Алтынбек Жамалиев – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы 01256.MTS
19 шілде күні сағат 14:30-дағы жағдай бойынша барлық 32 ауыр жүк көлігі жүргізушілерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін салмақтық бақылау бекетіне барып, өлшеу рәсімінен өтті және өз бағыттары бойынша жолдарын жалғастырды. Барлық жүргізушілерге қатысты уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылдады. Полиция департаменті жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу фактілерін анықтау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.