Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды. Іс-сапар «Сырымбет» кен орнына апаратын күре жолдан басталды. Жиырма бес шақырымдық бұл жолдың жаңаруына жергілікті өндіруші компания 180 миллион теңге бөлген.

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Айыртау ауданына барды. Алдымен аймақ басшысы "Лесхоз - Шоққарағай - Сарыбұлақ - "Сырымбет" кен орны" бағытындағы жолдың жөнделуін тексерді. Оның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Маңызды істі қалайы өндірумен айналыстан жергілікті компания жүргізді. Жобаға 180 млн теңге қаржы бағытталған.

ИЛЬЯ ГОРШКОВ, «Tin One Mining» ЖШС құрылыс жөніндегі директоры

Бұдан кейін өңір жетекшісі тұрғындардың жүріп-тұруына жағдай жасаған кәсіпорында болды. Бұл - Орталық Азиядаға жалғыз өндіріс орны. 

Ал Саумалкөлде "Мәңгілік ел" саябағы ашылды. Түрлі жасыл желек көмгерген, жаңадан жарық шамдары орнатылған демалыс орны ауылға ерекше сән бере түсті. 

Саумалкөл ауылының кішкентай тұрғындары жаңа саябақтың ашылғанына дән риза.

Айыртау ауданының орталығында Металлургтер күні кең көлемде аталып өтілді. Салтанатты шара барысында сала мамандарын кәсіби мерекемен Ғауез Торсанұлы құттықтады.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Мерекеге орай аймақ жетекшісі сала үздіктерін марапаттады. Құрметке бөленген жандардың қатарында "Tin One Mining" серіктестігінің бас экологы Павел Добровольский да бар. Ол ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен наградталды.

ПАВЕЛ ДОБРОВОЛЬСКИЙ, "Tin One Mining" ЖШС бас экологы, Айыртау ауданы

Кейін Саумалкөл ауылының орталық алаңында Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Сахнада танымал әнші Yenlik пен отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас өнер көрсетті.