Тұяқ дүбірі, жоғары жылдамдық пен тартысты бәйге. Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ипподромында ұлттық ат спорты түрлерінен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогі салтанатты түрде ашылды. Дүрмекті додаға еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты шабандоздар мен атбегілер жиналды. Жарыс бағдарламасында - аламан бәйге, жорға жарыс және желісті аттардың бәйгесі бар. Онда қатысушылар өздерінің шеберліктерін, төзімділіктері мен сәйгүліктердің дайындық деңгейін көрсетуі тиіс.
«Құлагер» ипподромы ұлттық ойындарды ұлықтаған үлкен орталыққа айналды. Мұнда шабандоздарға қолдау көрсету үшін жүздеген жанкүйер жиналған. Дүбірлі жарыстың ресми ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов қатысып, бәйгеге қатысушыларға сәттілік тіледі.
СНХ: ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ат басын бұрған дүбірлі бәйгеге еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ге жуық мықты шабандоз жиналды. «Құлагер» ипподромының төрінде Қазақстанның әр аймағынан келген кіл жүйріктер бас қосып, ұлттық ат спортында кімнің озық екенін өзара сарапқа салды.
СНХ: ЕРЖАН МОЛДАБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ АТ СПОРТЫ ТҮРЛЕРІНІҢ ӨКІЛІ
Ат үстіндегі тартыста жас шектеуі жоқ. Жарыс жолында спорттағы алғашқы қадамын енді бастаған өрендермен қатар, ғұмырын ат спортына арнаған майталман шабандоздар да бақ сынауда. Солардың бірі - жарты ғасырдан астам уақыт бойы желісті аттарды баптап, талай тұлпарды бәйгеге қосқан Әбдуәли Нұрметов.
СНХР: ӘБДУӘЛИ НҰРМЕТОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Дүбірлі доданың бас жүлдесіне Chevrolet автокөлігі тігілді. Ат жарысының күміс жүлдегері 500 мың теңге, ал үздік үштікті қорытындылаған шабандоз 300 мың теңгенің ақшалай сертификатына ие болды. Өзге ерекшеленген өнерпаздар мен жүлдегерлер де сый-сипатсыз қалған жоқ. Оларға бағалы сыйлықтар және қаржылай сыйақы табысталды.