Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде құжат қабылдау науқаны жалғасуда. Білім ордасы 6 мамандық бойынша студенттерді қабылдайды. Мұнда мыңнан астам студент білім алуда. Биыл олардың қатарына қосылуға 300-ге жуық талапкер ниет білдірген.

9 және 11-сынып түлектері үшін биыл 150 мемлекеттік білім гранты бөлінген. Тегін бөлімге құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Ақылы бөлімге құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Ал кешкі оқуға құжат тапсыру мерзімі – 20 қыркүйекке дейін.

СНХ: АЙСҰЛУ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ, Ж. ТІЛЕУЛИН АТЫНДАҒЫ СҚ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ