Петропавлда өзге өңірден келіп білім алатын студенттер үшін баспана мәселесі көптен бері өзекті еді. Енді бұл мәселе шешімін таппақ. Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде алғашқы студенттер жатақханасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Заманауи нысан үш жүзге жуық студентті баспанамен қамтамасыз етеді.

Құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталған. Бүгінде нысанның негізгі бөлігі аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мамандардың айтуынша, құрылыс белгіленген кестеге сай жүзеге асып жатыр.

СНХ: ИВАН ШМИДТ, «БЕРКАД СТРОЙ» ЖШС БРИГАДИРІ

 Жаңа жатақхана үш қабатты болады. Мұнда тұрғын бөлмелерден бөлек, асхана, санитарлық бөлмелер қарастырылған. Жалпы ауданы шамамен 960 шаршы метрді құрайтын ғимарат 300-ге жуық студентке арналған. 

СНХ: АЙСҰЛУ САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ, Ж. ТІЛЕУЛИН АТЫНДАҒЫ СҚ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНІҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ

Жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін өзге өңірлерден келетін жастарды орналастыру мәселесі едәуір жеңілдейді. Сондай-ақ студенттердің оқу мен тұрмысқа қолайлы жағдай жасауына мүмкіндік береді.