Облыста Халықтық Конституцияны қолдау аясында көшпелі кездесу өтті. Алғашқы экспедиция Қызылжар ауданы Бескөл ауылына барып, тұрғындармен ашық пікір алмасты. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, Аналар кеңесі мен Жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға жаңа Ата заңымыз таныстырылып, енгізіліп жатқан өзгерістердің мәні мен қоғам үшін маңызы түсіндірілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама бір ауданмен шектелмейді. Алдағы уақытта облыстың өзге өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастырылады. Басты мақсат – халықпен, әсіресе жастармен, ардагерлермен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен ашық диалог орнатып, маңызды қоғамдық бастамаларды бірге талқылау.

СНХ: БОЛАТ БАЗАРБАЕВ, «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОГРЫНБАСАРЫ

Бұл ретте СҚО Медиация кеңесінің төрағасы Гүлбақша Мұсабаева Конституцияның қоғамдағы маңызы мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне тоқталды.

СНХ: ГҮЛБАҚША МҰСАБАЕВА, МЕДИАЦИЯ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да жалғасады.