Петропавлда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі шара өтті. Республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қала жастары «Эко-десант» акциясына шықты. Белсенділер Шоқан Уәлихановтың мүсіні мен оның айналасындағы скверді қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара тек бір күндік іс емес, өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптастырудың маңызды қадамы. Петропавлда мұндай эко-акциялар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ.
СНХ: ДАМИР ӘБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Эко-десант» мүшелері сквер ішіндегі тұрмыстық қалдықтарды жинап, айналаны ретке келтірді. Әсіресе, тарихи тұлға Шоқан Уәлихановтың бюсті орналасқан аумақты тазартуға ерекше көңіл бөлінді. Бұл - жастардың тарихи-мәдени мұраға деген құрметінің белгісі.
СНХ: ОЛЖАС ҚИСАЕВ, ВОЛОНТЕР
Айта кетейік, жыл басынан бері қалалық жастар ресурстық ортылығының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 80-нен астам іс –шара өткізілді.