Бүгінде өңірдің бас жоғары оқу орны Қозыбаев университеті мен Американың жетекші Аризона университеті арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Шетелдік делегация облыс орталығына жұмыс сапарымен келіп, аймақтың агроөнеркәсіптік әлеуеті мен білім саласындағы серіктестік сөз болды.
Өңірімізге жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт, Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелла мен еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келіп кетті. Алыстан ат терлетіп жеткен меймандар облыстық әкімдік қабырғасында аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Дамудың даңғыл жолында қарқынды бәсеңдетпеген маңызды. Ал ол үшін шет елдермен тығыз қарым-қатынас та қажет. Бұл тұрғыда сонау АҚШ-тағы Аризона университетін мысал ете аламыз. Айшылық алыс жердегі білім ордасы мен Петропавлдағы Қозыбаев универсиеті арасында ынтымақтастық орнағаны мәлім. Ендігі міндет - жаңа кезеңге аяқ басу.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Арадағы байланыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы орнады. Халықаралық әріптестіктің маңызын меймандар да түсінеді.
СУРЕШ ГАРИМЕЛЛА, АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ, АҚШ:
Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықтың алдағы басым бағыттарын айқындайтын меморандумға қол қойды. Бұл құжат сенімді серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге негіз болады. Осы орайда аз-кем сандармен де бөлісейік. Қазір Қозыбаев пен Аризона университетінің бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша 1 249 студент оқуда. Жастардың 350-ден астамы қос диплом бағдарламасы аясында тәлім алуда.