«Qyzyljar Music Fest» бағдарламасы аясында Петропавлдың бас алаңы күн сайын жүздеген қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосады. Фестивальдің бесінші күні де ерекше сәттерге толы болды. Жанды дауыстағы әуезді әуен, ұмытылмас әсер мен нағыз мерекелік атмосфера көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль кешінің басты жұлдызы Римнен Петропавлға арнайы келген итальяндық опера әншісі Анджело Форте болды. Бұл өнер иесінің теріскейге жасаған екінші сапары. Әншінің айтуынша, ол жергілікті халықтың қонақжайлылығы мен қаланың ерекше аурасына тәнті болған. Ризашылық белгісі ретінде Анджело Форте өз арияларының бірін Петропавл қаласы мен оның тұрғындарына арнады.

СНХР: АНДЖЕЛО ФОРТЕ, ОПЕРА ӘНШІСІ, ИТАЛИЯ

Мерекелік кештің құрметті қонақтарының қатарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те болды. Алаң халыққа толды. Тұрғындар өнерпаздарды ыстық ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті. Әсерлі қойылымдар жұртшылыққа ұмытылмас сәттер сыйлап, концерт көрермен көңілінен шықты.

СНХР: ЕЛЕНА СУВОРИНА- ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ

Сахнада әлемге танымал опера ариялары мен әйгілі театрландырылған қойылымдардың туындылары шырқалды. Вокалдық нөмірлер симфониялық оркестр мен кәсіби аспапшылар өнеріне ұласты. Олар танымал музыкалық хиттер мен белгілі кинофильмдердің әуендерін шебер орындап шықты.

Алдағы уақытта Петропавл тұрғындары мен қонақтарын бұдан да қызықты шаралар күтіп тұр. Олардың қатарында: гала-концерт, Kozybayev University түлектеріне диплом табыстау салтанаты және Қала күнін мерекелеу бар.