Петропавлда «Cамғау – 2026» атты М. Қозыбаев атындағы СҚУ студенттеріне салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффт, Аризон Университетінің президенті Суреш Гаримелла және өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Айта кетейік, биыл жергілікті жоғары оқу орнын 1500 –ден астам студент тәмәмдады. Оның 980-нен астамы мемлекеттік грантта оқыды.
«Самғау – 2026» салтанаты биыл ерекше ауқымда және жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен есте қалды. Салтанатты кештің басты мейманы болған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Нұрбек Саясат жас түлектерді оқуды сәтті аяқтауларымен құттықтады.
СНХ: САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ
Диплом табыстау рәсімі студенттердің, бүгінгі жас мамандардың өміріндегі жаңа әрі жауапты белестің айқын бастауы болды. Кеште сөз сөйлеген өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов М. Қозыбаев атындағы СҚУ қазіргі таңда еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының біріне айналып келе жатқанын атап өтті.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мерекелік шараның ең басты әрі тарихи сәті - Қозыбаев университеті мен Аризона университетінің бірлескен бағдарламасы бойынша оқыған студенттерге қос диплом табыстау рәсімі болды. Бұл оқиға отандық білім беру саласының халықаралық деңгейге көтерілгенін тағы бір мәрте дәлелдеп, кештің сәні мен маңызын арттыра түсті.
СНХ: СУРЕШ ГАРИМЕЛЛА, АРИЗОНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Халықаралық жобаның ауқымы жыл санап кеңейіп келеді. Тоқталып өтсек, осыдан 4 жыл бұрын бұл білім беру бағдарламасы алғаш рет іске қосылғанда небәрі 43 студент қана қабылданған болатын. Ал бүгінгі таңда осы бағыт бойынша білім алып жатқан жастардың саны бірнеше есеге артып, 368 студентке жетті.
СНХ: ЕРБОЛ ИСАҚАЕВ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРЫ
Қос дипломды бағдарламаның алғашқы түлектерінің бірі - Айдана Тілегенова. Болашақ маман өз сөзінде қос жетекші жоғары оқу орнының дипломын қатар алып шығу ол үшін үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін атап өтті.
СНХ: АЙДАНА ТІЛЕГЕНОВА, ҚОС ДИПЛОМДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҮЛЕГІ
Сондай-ақ, салтанатты шара барысында оқу озаттары мен қоғамдық өмірдің белсенділері де назардан тыс қалмады. Университет қабырғасында озық үлгерім көрсеткен «үздік диплом» иегерлері мен оқу орнының мәдени, спорттық және қоғамдық жұмыстарына белсене араласқан студенттер арнайы марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Бұл сәт жастардың көпжылдық еңбегі мен ізденісінің лайықты бағасын алған жарқын сәтіне айналды.