Петропавл қаласының 274 жылдығына орай жастар мен ардагерлер арасында халықаралық дойбыдан турнир ұйымдастырылды. Жалпы зияткерлік сайыстың мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту. 

Домбыраның күмбірлеген үнімен басталған жарысқа 10 ардагер мен 10 жас қатысты. Турнир швейцариялық жүйе бойынша өтіп, қатысушылар бірнеше кезеңде бақ сынады. Іс-шараны қалалық ардагерлер кеңесі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Қатысушылардың бірі – 16 жастағы Ерназар Абай. Жасөспірімнің айтуынша, бұл ойын есте сақтау қабілетін дамытып, логикалық ойлау мен шапшаң шешім қабылдауға көмектеседі. 

СНХ: ЕРНАЗАР АБАЙ, ҚАТЫСУШЫ 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар әр буынның басын қосып, жастардың ұлттық әрі зияткерлік спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталып, жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.