Болашағының орнына – есірткі: Петропавлда полицейлер интернет-дүкенге жұмыс істеді деген күдікпен екі адамды ұстады. Жеңіл ақша тауып, тез байығысы келген жастар енді өмірлерінің ең жақсы жылдарын темір тордың артында өткізуі мүмкін. Тәртіп сақшылары күдіктілерді қылмыс үстінде, дәлірек айтқанда, қаладағы азық-түлік дүкендерінің бірінде ұстады.
Кәдімгі азық-түлік дүкенінің сөресінде жатқан заңсыз «тауар» бұл жерде кездейсоқ пайда болған жоқ. Мұнда полицейлер жақындаған кезде екі жас кіріп кеткен. Ұстау кезінде 25 жастағы жігіт қарсылық көрсетті. Оның 18 жастағы серігі қашып кетуге әрекет жасады. Кейін тәртіп сақшылары оқиға болған жердің әр тұсынан ұнтақ тәрізді зат салынған жасырын орындарды анықтады.
Синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінгендерді ұстау осылай өтті. Сараптама қорытындысы бойынша жігіт ұсталған сәтте есірткілік масаң күйде болған. Ал биыл көктемде ғана кәмелетке толған қыз алкоголь мен түрлі күшті әсер ететін заттарды пайдаланғаны үшін Психикалық денсаулық орталығында есепте тұр.
СНХР: НҰРИСЛАМ ІЛИЯСОВ — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БӨЛІМІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары есірткі жеткізудің 15 арнасының жолын кесті.