Ата Заңды қаншалықты жақсы білесіз? Осы сұраққа жауап іздеген жастар «Конституцияны білесің бе?» атты танымдық викторинада бас қосты. Зияткерлік сайысты Солтүстік Қазақстан облыстық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Зияткерлік сайысқа қала жастары қатысты. Қатысушылар еліміздің Ата Заңы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Конституцияның қалыптасу тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Іс-шара жалпы 30-ға жуық жас буын өкілін қамтыды.
СНХ: АЙНҰР СӘРСЕНБАЕВА, СҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Викторина барысында қатысушылар белсенділік танытып, білім деңгейлерін көрсетті. Солардың бірі – Әмірхан Аманжол. Оның айтуынша, мұндай сайыстар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, Конституцияны тереңірек тануға мүмкіндік береді.
СНХ: ӘМІРХАН АМАНЖОЛ, ҚАТЫСУШЫ
Қорытынды бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.