Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында «Үздік ауылдық мәдениет мекемесі - 2026» облыстық көркемөнерпаздар ұжымдары байқауының гала-концерті өтті. Бас жүлдеге автокөлік тігілді.
Байқау ауыл мәдениетін дамытуға, шығармашылық ұжымдарды қолдауға, ұлттық салт-дәстүрді сақтау мен халық өнерін ұлықтауға бағытталған. Ақтық сынға облыстың барлық аудандарынан үздік концерттік нөмірлерін дайындаған ұжымдар қатысты.
Снх: АНАСТАСИЯ АНТОНЕНКО, ШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ РЕЖИССЕРІ
Гала-концерт көрермендерінің назарына ең үздік 17 шығармашылық нөмір ұсынылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаевтың өнер көрсетуі ерекше тарту болды.
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарды облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы аймақта мәдениет саласын қолдауға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтіп, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Снх: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Байқау қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының шығармашылық ұжымы Гран-при иегері атанып, бас жүлде шағын автобусты қанжығасына байлады. Ал алғашқы үш орынды иеленген жеңімпаздарға 3 миллион теңгеге дейінгі қаржылай сертификаттар табыс етілді.
Дариға Қуаныш, Наталья Аитова, Орал Амренов служба новостей