Отбасындағы жанжалдың соңы көбіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұласып жатады. Мұндай жағдайларда енді жәбірленушінің міндетті түрде арыз жазуы талап етілмейді. Егер «102» арнасына көршілерден немесе оқиға куәгерлерінен хабарлама түссе, полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастап, жиналған материалдарды сотқа жолдайды.

Полицияның мәліметінше, мұндай фактілер тұрақты түрде тіркеледі. Әсіресе, некеде бір-екі жыл ғана тұрған жас жұбайлар арасында жиі кездеседі. Мамандардың айтуынша, тұрмыстық жанжалдардың негізгі себептері – қаржылық қиындықтар мен алкогольді шамадан тыс тұтыну.

СНХР: МАРАТ МУСИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ