Петропавлда «Заң және тәртіп» республикалық бағдарламасы аясында «Денсаулық аймағы» атты спорттық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің алдын алу және зиянды әдеттерге қарсы көзқарас қалыптастыру.
Іс-шараға қатысушылар үшін спорттық эстафеталар мен арнайы тапсырмалар ұйымдастырылды. Олар дене белсенділігін арттыруға, командалық бірлікті нығайтуға және салауатты өмір салтының құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
СНХ: АЙСҰЛУ БЕКІМОВА – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ
Спорттық акцияға 40-қа жуық жас қатысып, үш командаға бөлінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл басынан бері «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында осындай 30-дан астам іс-шара өткізілген. Белсенді қатысушылардың бірі – Карина Аманжолова. Ол мұндай спорттық шараларға тұрақты түрде қатысып келеді.
СНХ: КАРИНА АМАНЖОЛОВА – ҚАТЫСУШЫ
Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар арнайы дипломдармен марапатталды.