23 тамызда Қазақстанда Ұлттық құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Облыстық мәслихат депутаты Болат Қожахметовтің айтуынша, бұл саяси науқан елдің одан әрі дамуы үшін ерекше маңызға ие. Оның пікірінше, Ұлттық құрылтай мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша бастамалар мен ұсыныстар әзірлейтін маңызды диалог алаңына айналуы тиіс.

Депутаттың сөзінше, Қазақстанның тұрақты дамуы экономика мен әлеуметтік саланы ғана емес, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуды да талап етеді. Сондай-ақ әртүрлі сала өкілдерінің Ұлттық құрылтай жұмысына қатысуы қоғамның сан алуан мүддесін ескеріп, мемлекеттік шешімдер мен бастамаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

СНХ:БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ