Өңірімізде спорт сүйер қауым тағатсыздана күткен ең басты дода - «Ақ бидай - 2026» жазғы облыстық спартакиадасы өз мәресіне жетті. Бірнеше күнге созылған тартысты бәсекеде облыстың түкпір-түкпірінен келген ең үздік спортшылар бақ сынап, нағыз мықтыларды анықтады.

Спартакиаданың ашылу рәсімі Сергеевка төріндегі нағыз спорт мерекесіне айналды. Салтанатты шарада облыстың түкпір-түкпірінен келген командалар ерекше шерумен таныстырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсен әуендер мен мың бұралған бишілер мен спорттық қойылымдар жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында патриоттық, спорт туралы әндер шырқалып, жарыстың басты символы – спартакиада алауы жағылды.

Спартакиадада өңір басшысының құттықтауын облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев жеткізді. Ол өз сөзінде бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі

СНХ: РУСЛАН ӘЛІШЕВ, СҚО ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мерекелік кештің басты қонағы – елімізге белгілі эстрада жұлдызы Әли Оқапов болды. Ол өз репертуарындағы танымал туындыларын орындап, стадионға жиналған көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Биылғы дүбірлі додаға облыстың түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық спортшы жиналды. Бірнеше күн бойы атлеттер түрлі спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Соның ішінде, әсіресе қол күресінен өткен жарыстар жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырды.

СНХ: ИВАН ШИШКОВ, ҚАТЫСУШЫ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫ

Спартакиада бағдарламасындағы келесі кезек шахмат пен дойбы ойындарына берілді. Бұл сында спортшылар тек күш емес, интеллектуалдық дайындық пен ерекше тактикалық шеберліктерін көрсетті.

СНХ: ЖАСҰЛАН ӘЛЖАНОВ, БАС ТӨРЕШІНІҢ КӨМЕКШІСІ

Жарыстың тағы бір тартысты кезеңі жеңіл атлетикадан өтті. Түрлі қашықтықтарға жүгіруден бақ сынасқан спортшылар үшін бұл бәсеке оңай болған жоқ. Олар күннің қайнаған ыстығына қарамастан, мықты төзімділік танытып, белгіленген арақашықтықтарды бағындырды. 

СНХ: ЕРЛАН ҚҰЛЫМБЕТ, ҚАТЫСУШЫ, УӘЛИХАНОВ АУДАНЫ

Ауқымды жарыстың тарихы тереңде жатыр. Алғаш рет бұл спорт мерекесі 1980 жылы Мамлют ауданында бастау алған болатын. Содан бері бұл дода дәстүрге айналып, жыл сайын өңіріміздің әр ауданында кезекпен ұйымдастырылып келеді.

СНХ: АЛЕКСАНДР КУВШИНОВ, ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТӨРЕШІ

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 1 орынды Шал ақын ауданы, 2 орынды Қызылжар ауданы иеленсе, үздік үштікті Аққайың ауданы қорытындылады.