Алдын ала дайындалған мол жем-азық қоры – мал шаруашылығы өнімділігінің кепілі. Солтүстік Қазақстан облысында мал азығын дайындау науқаны қарқын алды. Қызылжар ауданындағы «Якорь-Агро» серіктестігі егін және мал шаруашылығын қатар дамытып келеді. Қазір шаруашылық еңбеккерлері алқаптарда қысқы жемшөп қорын қамдауға кіріскен.

Шаруашылықта рапс 1500 гектар алқапқа егілген. Күнбағыс мың гектардан астам жерді алып жатыр. Дәл осындай көлемде жасымық пен зығыр да өсірілуде. Сонымен қатар серіктестікте 130 бас жылқы бағылады. Қазір қысқы кезеңге қажетті мал азығын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Аграршылардың айтуынша, уақытылы жиналған шөптің әрбір орамасы – малдың қыстан аман шығуының маңызды кепілі.

СНХ ЕВГЕНИЙ ИГНАТЬЕВ, «ЯКОРЬ-АГРО» ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ