Жайлы әрі заманауи аула – тұрғындардың көптен күткен арманы. Осы бағытта Петропавлда қолға алынған жұмыстардың бырысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жуков көшесіндегі 9, 11 және 13-үйлердің ауласында танысты. Мұнда балалар ойын және спорт алаңдары жаңартылып, демалыс аймақтары жасақталып, аумақ абаттандырылуда.
Қала күні мерекесі аясында өңір басшысы жаңартылған ауланы аралап, тұрғындармен кездесті. Ғауез Нұрмұхамбетов атқарылған жұмыстардың сапасын бағалап, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында аулаларды абаттандыру жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Қонақтарды тұрғындар арнайы сахна құрып, мерекелік дастарқан жайып қарсы алды. Қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылып, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Тұрғындардың айтуынша, жаңарған аула бүгінде балалардың алаңсыз ойнап, үлкендердің емін-еркін тынығуына мүмкіндік беретін сүйікті демалыс орнына айналған.
СНХР: СЕРҒАЗЫ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Енді мердігер ұйым қоршауларды, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін, күркелер және ойын алаңындағы қалған жабдықтарды орнатуы тиіс. Жобаны толық аяқтап, пайдалануға беру алдағы екі апта ішінде жоспарланып отыр.
СНХ: ЕЛЕНА БОНДАРЕНКО – ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Биыл өңірде барлығы 80 аулаға кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл бастама тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, балалар мен ересектерге қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.