Өткен демалыс күндері Петропавлда дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жоба отандық өндірушілердің басын қосып, олардың өнімін көпшілікке таныстыруға және кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеңімпаздар еліміздің атынан республикалық деңгейде бақ сынайды. 

 Биылғы көрме-байқауға өңірдің 50-ге жуық кәсіпкері қатысты. Арнайы комиссия үздік өнім өндірушілерді анықтап, олар Солтүстік Қазақстан облысының атынан республикалық «Алтын сапа» байқауында бақ сынайды. Дәстүр бойынша жеңімпаздарды түрлі номинациялар бойынша Мемлекет басшысы марапаттайды.

СНХ: НҰРБЕК НАЛҚОЖА – «АТАМЕКЕН» ҰКП АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Көрмеде азық-түлік өнімдерінен бастап, ұлттық бұйымдар, қолөнер туындылары мен тігін өнімдеріне дейін ұсынылды. Қатысушылардың бірі Регина Халиулина, ол гипстен сәндік бұйымдар жасап қана қоймай, 3D-принтердің көмегімен ойыншықтар да шығарады. Өнімдері жүгері крахмалы мен қант қамысынан алынатын экологиялық таза материалдан дайындалады. Сондықтан мұндай ойыншықтар табиғатқа зиянсыз, балалар үшін қауіпсіз әрі өте берік.

СНХ: РЕГИНА ХАЛИУЛИНА – ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

Байқау қорытындысы бойынша үш аталымда барлығы тоғыз жеңімпаз анықталды. Солардың бірі – «Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясында жеңіске жеткен Константин Воронов. Ол жастық пен көрпе өндіретін кәсіпорынды басқарады. Кәсіпорында жыл сайын шамамен 30 мыңға жуық өнім шығарылады. Дайын тауарлар Қазақстанның барлық өңіріне жөнелтіледі, ал өңделген мамық пен қауырсын Еуропа мен Қытайға экспортталады.

СНХ: КОНСТАНТИН ВОРОНОВ – «PETRO PUH» ЖШС ДИРЕКТОРЫ

 «Қазақстанның үздік тауары» байқауының басты мақсаты – сапалы өнім шығаратын отандық өндірушілерді қолдап, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.