Солтүстік Қазақстан облысында шілде айы ыстық болады деп болжанып отыр. Синоптиктердің мәліметінше, бұл айда орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары болады. Ал 10-12 шілде аралығында күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, облыстың оңтүстігінде 40 градусқа дейін жетуі мүмкін. Осыған байланысты өңірдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Ай бойы жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде. Жаңбыр, найзағай және секундына 15-20 метрге дейін күшейетін жел жиі соғады. Екінші онкүндіктің ортасында бұршақ пен шаңды дауыл, ал ай соңында тұман түсуі ықтимал. Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамын қадағалап, аптап ыстық кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
СНХР: ТАТЬЯНА МАРЬИНА– «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ