Есілдің биік жағалауында бой көтерген Петропавл қаласына биыл 274 жыл. Атаулы күнге ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан Конституциясы көшесінің мерекелік сәні мен шығармашылық ұжымдардың өнеріне тәнті болды. Шаһар күнімен құттықтауға еліміздің ең үздік әртістері келді. Ал думанды кеш мерекелік отшашумен түйінделді.
Облыс орталығының бас көшесі ерекше құлпырған. Көздің жауын алатын гүл композициялары мен түрлі-түсті қолшатырлар қала тұрғындарының назарын аударып, түсірілім алаңына айналды. Жиналған қауымды мерекемен құттықтаған өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың 274 жыл ішінде үлкен тарихи жолдан өткенін, өзінің игі дәстүрлерін, бай мұрасы мен ерекше болмысын сақтап қалғанын атап өтті.
Снх: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Петропавлдың басты байлығы - оның тұрғындары. Дәл осы жандардың еңбегі, мейірімділігі, бірлігі мен туған қалаға деген сүйіспеншілігінің арқасында шаһар дамып, заманауи, көркем әрі жайлы мекенге айналып келеді. Мереке күні еңбек династияларына арнайы басылыммен шыққан жаңа Конституция кітаптары табыс етілді. Сонымен қатар, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан түрлі сала өкілдерін Алғыс хаттармен марапаттады.
СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Сахнада танымал орындаушылар мен дарынды әртістер өнер көрсетіп, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Мерекенің сыйлы қонақтарының бірі белгілі әнші Нұрболат Абдуллин болды.
Петропавл жыл санап өсіп, өркендеп келеді. Қала өмірі қызықты оқиғаларға толы, жетістіктері де аз емес. Мұндағы оң өзгерістерді тұрғындар да байқап отыр және сүйікті қалаларының әрі қарай гүлденуін тілейді.
Мерекелік бағдарлама кеш батқанша жалғасты. Көпшілік асыға күткен сәттердің бірі Еңлік Құрарбектің сахнаға шығуы болды. Қазақстандық танымал рэп және хип-хоп орындаушы Петропавлдың бас алаңында өнер көрсетіп, жастарды тәнті етті.
Қала күнін мерекелеудің түйіні отшашу болды. Ол түнгі аспанды түрлі түске бояп, жиналған қауымға нағыз мерекелік көңіл-күй сезімін сыйлады.
Люфт: (ф 183)