Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздік мәселесі өзекті. Осыған байланысты Петропавлда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кезекті рейд ұйымдастырды. Құтқарушылар демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырды.
Кезекті тексеріс кезінде өзен бойында балық аулап, демалып жүрген азаматтар анықталды. Құтқарушылар оларға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, сақ болуды ескертті.
СНХ: ДУМАН ДІЛДӘБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар заманауи технологияларды белсенді қолдануда. Рейд кезінде арнайы қызмет өкілдері аспанға дрон ұшырып, тыйым салынған аймақтарда шомылып жүрген азаматтарды әуеден бақылау арқылы анықтайды. Дронның көмегімен қашықтағы немесе адам көзіне түсе бермейтін қауіпті нүктелердегі ереже бұзушылар бірден байқалады.
СНХ: ДУМАН ДІЛДӘБАЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облыс аумағында арнайы жабдықталған 61 ресми шомылу орны белгіленген. Соған қарамастан, тұрғындардың қауіпсіздік талаптары сақталмаған, суға түсуге тыйым салынған учаскелерге баруы тыйылмай тұр. Мамандар белгіленбеген жерлерде шомылу өмірге қауіпті екенін және заң алдындағы жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.