Жаз - дала жұмыстарының нағыз қызатын шағы. Әр күн еселі еңбекті талап еткенімен, дәл осы кезеңде келешек өнімнің негізі қаланады. Бүгінде Қызылжар ауданының алқаптарында да жұмыс қарқынды. Өңірдегі іргелі кәсіпорындардың бірі — «Якорь-агро» серіктестігі де болашақ өнім үшін жер өңдеу шараларын бастап кетті.

Серіктестік негізінен өсімдік шаруашылығымен айналысады. Мұнда рапс, зығыр, жасымық және күнбағыс сияқты дақылдар өсіріледі. Қазіргі уақытта шаруашылыққа қарасты бұрын шабындық болған алқаптар жыртылып жатыр. Бұл жерлер келесі жылғы егіс науқанына дайындалуда.

Снх: ЕВГЕНИЙ ИГНАТЬЕВ, «ЯКОРЬ-АГРО» ЖШС БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ