Петропавлда Ветеринариялық қызмет және мал шаруашылығы саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Өңірдің ветеринар мамандары, сала ардагерлері мен агроқұрылым жетекшілері бас қосқан жиын облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Салтанатты іс-шарада елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан үздіктер марапатталды.

Ветеринария және мал шаруашылығы қызметкерлері күні - күнделікті қажырлы еңбегімен агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін мамандардың кәсіби мерекесі. Биыл бұл екі мейрамның бірге атап өтілуінің маңызы ерекше. Бұл эпизоотиялық әл-ауқат пен мал шаруашылығының өзара тығыз байланысын көрсетеді. Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың құттықтауын жеткізді.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі заманғы мал шаруашылығын тиімді ветеринариялық қызметсіз елестету мүмкін емес. Екі сала мамандарының бірлескен жұмысының арқасында жануарлардың саулығы мен өнім сапасы бақылауда тұр. Жиында сөз алған СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Тоқужинов бұл саланың өзі үшін де ыстық екенін атап өтті.

СНХ: ДӘУРЕН ТОҚУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мерекелік кеште отандық мал шаруашылығы мен ветеринарияны дамытуға үлес қосқан 36 үздік маманға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, медальдар мен төсбелгілер табысталды. Сондай-ақ, 17 қызметкер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Мамлют ауданындағы «Арқалық» шаруа қожалығының аға жылқышысы Асқар Нұрғожин ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хатын және Ғабит Мүсірепов ауданындағы «Астық-Привольный» серіктестігінің өкілі Еслямбек Касинов «Еңбек ардагері» медалін иеленді.   

СНХ: АСҚАР НҰРҒОЖИН, «АРҚАЛЫҚ» ШҚ АҒА ЖЫЛҚЫШЫСЫ, МАМЛЮТ АУДАНЫ

СНХ: ЕСЛЯМБЕК ҚАСИНОВ, «АСТЫҚ-ПРИВОЛЬНЫЙ» ЖШС СҮТ-ТАУАРЛЫ ФЕРМАСЫ КЕШЕНІНІҢ БАСШЫСЫ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АУДАНЫ

Қазіргі таңда мал шаруашылығы өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытудың негізгі қозғаушы күші. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 триллион 108 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының үлесі 208 миллиард 400 миллион теңге, ал нақты көлем индексі 106% тең. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы уақытта саланы одан әрі жаңғырту мен экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында Мал шаруашылығын және Ветеринарияны дамытудың 2026 - 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарлары жүзеге асырылмақ.