Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер елдің саяси жаңғыруына тың серпін берді. Референдум арқылы қабылданып, күшіне енген түзетулер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және Әділетті Қазақстан қағидаттарын нығайтуға бағытталған. Жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты бастау алған түбегейлі өзгерістер маңызын қоғамның әр буыны жоғары бағалайды. Ардагерлердің айтуынша, бұл елдің болашақ дамуына берік негіз қалайды.
Облыста саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ардагерлер жас ұрпаққа тәуелсіздіктің құндылығын, ел бірлігі мен заң үстемдігінің маңызын насихаттап келеді. Олар Жаңа Қазақстанды құру жолында әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
СНХ: ИМАНҒАЛИ ТАТВАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ