Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Өңір басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, абаттандыру, ауызсумен қамту және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмыстардың барысымен танысты. Сондай-ақ Петровка ауылындағы жаңа Мәдениет үйінің ашылуына қатысып, аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар көтерген мәселелер бақылауға алынды.

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Есіл ауданына барды. Алғашқы болып аймақ жетекшісі Явленкадағы аудандық саябақтың жағдайымен танысты. Биыл бұл алаң жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жөндеу көрген. 

Ағымдағы жылы Явленкада балалар алаңы салынды. Ол үшін аудан бюджетінен 20 млн теңге бөлінген. 

Бұдан соң Ғауез Торсанұлы аудан орталығындағы су құбыры желілерінің құрылысымен танысты. Жоба құны - 1 млрд 183 млн теңге. Оның жалпы ұзындығы 19 шақырымды құрайды. 

ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ, СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы:

Ал Бірлік ауылында су құбыры желілері өткен жылы салынды. Оның ұзындығы 15 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарына 600 млн теңгеден астам қаржы жұмсалды. Қазіргі таңда нысан 150-ге жуық ауыл тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. 

Кейін өңір басшысы ат басын Мәдениет елді мекеніндегі "Тілеп Нан" серіктестігіне бұрды. Кәсіпорын 2019 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысады. Қазіргі күні олардың жалпы егістік алқабы 9 мың гектардан асып жығылады.  

ҚАЙРАТ МЕЙРАМОВ, "Тілеп Нан" ЖШС директоры, Есіл ауданы: 

Жалпы, Есіл ауданындағы егіс көлемі 292 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 мың гектарға көп. Бұдан бөлек жалпы өнім құны да артып келеді. Ол биыл 69,7 млрд теңгеге жеткен. 

ВАДИМ КРАСНОЩЕК, Есіл ауданы әкімінің орынбасары: 

Кейін Ғауез Торсанұлы Петровка ауылына барды. Елді мекенде білім саласында біраз жыл тер төккен Шмурыгиндер жанұясы тұрады. Ерлі-зайыптылардың отау құрғанына биыл - 50 жыл. Еңбек әулетін өңір басшысы арнайы құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті. 

Бұдан соң аймақ жетекшісі Петровка ауылындағы Мәдениет үйінің ашылу салтанатына қатысты.  

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Сонымен қатар, мәдениет үйі жанынан "Vision AI" кабинеті ашылды. Айта кету қажет, бұл - Есіл ауданындағы алғашқы IT-орталық. 

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы аудан халқымен кездесті. Жергілікті тұрғындар өздерінің алаңдатқан сұрақтарын қойды. Олардың басым бөлігі жол және су мәселесіне қатысты. 

ЮРИЙ ШОЛЬ, "Прометей-Агро" ЖШС директоры, Есіл ауданы:

Аймақ жетекшісі тиісті тұлғаларға көтерілген барлық мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.