Тұрмыстық зорлық-зомбылық – тек жекелеген адамдарға ғана емес, тұтас қоғамға әсер ететін өзекті мәселе. Оның салдары адамның денсаулығына, психологиялық жай-күйіне және отбасының әл-ауқатына кері әсерін тигізіп, көп жағдайда ауыр жанжалдар мен қайғылы жағдайларға әкеледі.
Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қорғау органдарының тұрақты назарын және қоғамның белсенді қатысуын талап етеді. Қауіп-қатерді дер кезінде анықтау, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тұрғындармен жүйелі жұмыс істеу тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетіп, отбасындағы қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді. Әрбір адамның өзін қауіпсіз сезінуі үшін тек бірлескен күш-жігердің маңызы зор екенін ұмытпаған жөн.
СНХР: МАРАТ МУСИН – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ