Соңғы жылдары елімізде ауыл шаруашылығын әртараптандыруға деген қызығушылық артып, мал шаруашылығының дәстүрлі бағыттарымен қатар, бұрын көп тарала қоймаған кәсіп түрлері де дамып келеді. Солардың бірі – ешкі шаруашылығы. Көпшілік үшін ешкі – тек сүт беретін қарапайым түлік қана. Алайда оның ебін тапқан жандар бүгінде ешкі сүтін табысты бизнес көзіне айналдыруда. Ондай жандар қарасы соңғы жылдары біздің өңірімізде де артып келеді. Солардың бірі Тайынша ауданындағы жас кәсіпкер Серік Күшікбаевтың табысты жобасы. Небары бес лақтан басталған отбасылық кәсіп арада өткен бес жыл ішінде Серік Рамазанұлын тұрақты тұтынушыларын қалыптастырған шағын өндіріс иесіне айналдырды. Қазір ол дамытып отырған ешкі шаруашылығындағы сексек ата тұқымы 60 басқа жетсе, соның 40 күніне екі мәрте сауылады.

Серік Рамазанұлы Күшікбаев Тайынша ауданына қарасты Талдыкөл ауылында дүниеге келген. Балалық шағы кіндік қаны тамған ауылында басталғанымен алайда тағдыр жолы оны елордаға алып келді. Серік онда жиырма екі жыл өмір сүріп Астанада еңбек етіп, түрлі салада тәжірибе жинақтайды. Бірақ туған жерге деген сағыныш пен ауылда кәсіп бастау арманы оны қайтадан Солтүстік Қазақстанға жетелейді. Осылайша ол 2020 жылы мемлекет ұсынған «Еңбек» бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, туған өлкесіне қоныс аударады.

СНХ: Серік Күшікбаев - кәсіпкер 

Кез келген үлкен істің бастауы шағын болады.Серік Күшікбаевтың да кәсібі небәрі бес лақтан басталған. 2021 жылы қолға алынған отбасылық шаруашылық бүгінде тұрақты дамып келе жатқан кәсіпке айналды. Қазір шаруашылықта жалпы саны 60 ешкі бар. Өз істерін енді ғана бастаған отбасылық кәсіп үшін айтарлықтай жетістік.

СНХ: Серік Күшікбаев - кәсіпкер 

Сауын ешкі шаруашылығын дамытып отырған Күшікбаевтар отбасы қазіргі күні тек шикі сүт сатумен шектеліп отырған жоқ. Ешкі сүтін тереңдете өңдеп, одан түрлі өнімдер шығаруды да қолға алған. Дайын өнімдері таяуда өткен «Бір ауыл - бір өнім» жобасының облыстық кезеңінде үздік деп танылып, аталмыш байқаудың республикалық кезеңіне жолдама иеленді. 

СНХ: Серік Күшікбаев - кәсіпкер 

Отбасылық кәсіпті дөңгелеткен Күшікбаевтар әулетінің ешкі сүтінен өндірген өнімдеріне бүгінде тек Тайынша ауданы тұрғындары ғана емес, Көкшетау мен Астанадан да тапсырыс беретіндер бар. Олар бүгінде сатылымға табиғи таза сүтпен қатар йогурт, смузи, ірімшік секілді даруменге бай өнімдер шығаруды да оң жолға қойған. Бір ғана иогурттың өзінің 15 түрі өндіріледі бұл шаңырақта. Барлығы да мың бір дертке дауа.