Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болды. Сапар барысында көктемгі егіс жұмыстарының барысы, әлеуметтік нысандар мен жол құрылысы тексерілді. Облыс әкімі алдымен «Крафт Агро» серіктестігінің егіс алқабына барып, көктемгі дала жұмыстарының қарқынымен танысты. Тоқшын ауылындағы жаңа өрт сөндіру бекеті мен Камышлово ауылындағы медициналық пункттің жұмысын көрді. Сонымен қатар, Смирново ауылында да болды. Кейін аудан тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін талқылады.
Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болды. Сапардың басты мақсаты - ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын, көктемгі егіс науқанының барысын және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйін бағамдау. Облыс әкімі алдымен өсімдік шаруашылығымен айналысатын «Крафт Агро» серіктестігінің егіс алқабына барды. Нысан басында аймақ жетекшісі облыс бойынша көктемгі дала жұмыстарының жалпы көрсеткіштері мен алдағы жоспарларға тоқталды.
ЛЮФТ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
«Крафт Агро» серіктестігінің егістік алқабы 12 мың гектарды құрайды. Биыл 6 жарым мыңына бидай, 4 мың гектарына майлы дақылдар себілген. Қалғанына нарықта сұранысқа ие қызыл жасымық тұқымы сіңірілуде. "Мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында алынған жеңілдікті несиелер мен субсидиялар көктемгі дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік берді",- дейді серіктестік директоры Асылбек Тлеубаев.
АСЫЛБЕК ТЛЕУБАЕВ, «КРАФТ АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Шаруашылықта аграрлық жұмыстарды бақылау үшін ғарыштық технологиялар мен цифрлық жүйелер енгізілген. Кәсіпорын басшылығы биыл тәжірибе ретінде арнайы үш алқапты бөліп, көпжылдық спутниктік суреттерді негізге алды. Бұл жүйе топырақтың құнарлылық деңгейін анықтап, тұқым мен минералды тыңайтқышты әр учаскеге нақты мөлшерде себуге мүмкіндік береді.
СЕРГЕЙ ПАРЫГИН, «КРАФТ АГРО» ЖШС IT-МАМАНЫ
Бұдан кейін облыс әкімі Тоқшын ауылындағы жаңа өрт сөндіру бекетінің дайындығын тексерді. Нысан мемлекет пен бизнестің серіктестігі аясында жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік қаражатына жаңғыртылған. Мұнда заманауи әкімшілік ғимарат жөндеуден өтіп, арнайы техника тұратын жылы гараж жасалған. Бекетте 5 өрт сөндіру техникасы бар. Мамандар Тоқшынмен қатар жақын жердегі 2 елді мекенге қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындары нысанның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.
ӘСЕЛ ЖАРКИНА, ТОҚШЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Бұдан соң облыс әкімі Камышлово ауылына аялдады. Мұндағы жаңа медициналық пунктті жергілікті іскер азаматтар өз қаражатына тұрғызған. Кейін мемлекет ғимаратты дайын күйінде сатып алды. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен және емшара бөлмелерімен толық жарақтандырылған. Мұнда жас маман Венера Андинова еңбек етеді. Ақхалаттыға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетілген. Өңір басшысы медициналық пункттің бөлмелерін аралап, құралдардың сапасы мен емдеу жағдайын бағамдады. Ауылдық жерлерде алғашқы көмек көрсету сапасын арттыру - негізгі міндеттердің бірі.
ЛЮФТ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Аудан орталығы Смирнов ауылында облыс әкімі ірі агрологистикалық хабтың құрылыс барысымен танысты. «ИKEA ТАС-Групп» серіктестігіне тиесілі элеватор кешені бір мезгілде 60 мың тонна астық өнімін қабылдап, сақтауға қауқарлы. Стратегиялық нысанның құрылысына биыл 1,5 млрд теңгеге жуық инвестициялық қаражат бағытталған. Алдағы уақытта мұнда диірмен іске қосылып, өнімді сыртқы нарыққа делдалсыз экспорттау жоспарлануда.
ҒАБДОЛҚАПАР БӘРИ, «ИКЕА ТАСС ГРУПП» ЖШС ӨКІЛІ
Аудан аумағындағы көлік инфрақұрылымын дамыту және жол сапасын жақсарту шаралары да тексерілді. Қазіргі уақытта "Астраханка - Алексеевка" тасжолының 16 шақырымнан астам учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер - "Қызылжар Жолдары KZ” серіктестігі. Бұл мақсатқа биылға бюджеттен 941 млн теңге бөлінген.
САЯТ СӘДУАҚАСОВ, "ҚЫЗЫЛЖАР ЖОЛДАРЫ KZ” ЖШС ДИРЕКТОРЫ:
Жалпы аудан бойынша жолдарды жөндеуге барлығы - 1 жарым млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.
ЛЮФТ: ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Осы ретте өңір басшысы мердігер мекемелерге жұмыс қарқынын төмендетпей, техникалық талаптарды қатаң сақтауды тапсырды. Мұнымен қоса, өңір басшысы Аққайың аудандық орталық ауруханасына барып, медициналық ұйымның материалдық-техникалық базасымен танысты. Емдеу орнына аудан бойынша 16 жарым мыңнан астам адам қаралады.
ЛЮФТ: РИНАТ ҮЛМЕСЕКОВ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов аудан тұрғындарымен кездесті. Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, бюджеттің орындалуы және алдағы жоспар қаралды. Биылғы жылдың алғашқы айларының қорытындысы бойынша Аққайың ауданында негізгі экономикалық бағыттарда тұрақты өсім тіркелген. Әсіресе, өнеркәсіп пен инвестиция тарту бағытында серпін бар.
ЛЮФТ: ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:
Айта кету керек, жиын соңында облыс әкімі аудан басшылығына өндірістік көрсеткіштердің өсімін сақтап, әлеуметтік нысандар мен жол құрылысының сапасын жіті бақылауда ұстауды тапсырды.