Мағжан орталығында өнерлі бүлдіршіндер бас қосты. Мұнда облыстық «Тіл мұрасы» жобасы аясында «Сөз зергері» байқауы өз мәресіне жетті. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен өткен іс-шараға бірінші сынып оқушылары мен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз арқылы сөздік қорын байыту және бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру. Жалпы іріктеу кезеңіне Солтүстік Қазақстан облысынан 120-ға жуық бала қатысты. Бүгін солардың ішінен 34 қатысушы финалға жолдама алды.

Снх: РОЗА СӘРКЕНОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Кішкентай қатысушылар сахнада өздерін еркін ұстап, мәнерлеп сөйлеу мәдениеті мен сахналық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Олар көркем әдебиетке деген құштарлықтарын байқатып, жатқа білетін өлең жолдарын нақышына келтіре оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша ерекше дарындылығымен және шығармашылық ойлау қабілетімен көзге түскен бүлдіршіндер анықталып, оларға арнайы марапаттар табысталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытып, ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелейді.