Петропавлда гидтер мен экскурсия жүргізушілеріне арналған курс басталды
Петропавлда гидтер мен экскурсия жүргізушілерін даярлау және олардың біліктілігін арттыруға арналған он күндік оқу курсы басталды. 20-дан астам қатысушы осы бағытта теориялық білім алып, экскурсия жүргізудің тәжірибелік дағдыларын меңгереді. Тақырыпты әріптесім Қаршыға Әділханқызы тарқатады.
Курсқа педагогтер, студенттер, журналистер мен өлкетанушылар, сонымен қоса түрлі сала өкілдері қатысып жатыр. Курс аясында 25 адам қамтылуда. Сондай-ақ, бағдарлама аясында жаяу және қалалық шолу экскурсияларын ұйымдастыру, тарихи орындар туралы ақпаратты қызықты әрі түсінікті жеткізу әдістері үйретіледі.
СНХР: ВЛАДИМИР ВИТЧЕНКО, СҚО ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Курс аясында сабақтардың 60 пайызы теорияға, 40 пайызы практикаға негізделген. Оқытуды аталған салада мол тәжірибесі бар білікті маман, Қазақстан Республикасы гидтері мен экскурсия жүргізушілері одағының президенті Салтанат Абжанова жүргізеді. Басты мақсат – өңірдің туристік әлеуетін танытып, сала мамандарының біліктілігін арттыру.
СНХР: САЛТАНАТ АБЖАНОВА, «ҚАЗАҚСТАН ГИДТЕРІ МЕН ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ” ПРЕЗИДЕНТІ:
Оқу соңында қатысушылар халықаралық үлгідегі сертификат алады. Бұл құжат оларға тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана емес, Қазақстанның өзге өңірлерінде және шетелде де экскурсия жүргізуге мүмкіндік береді.