Негізгі Жаңалықтар «Саған кітап арнадым» акциясы жалғасуда

«Саған кітап арнадым» акциясы жалғасуда

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында халық арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған бастамалар жалғасуда. Соның бірі – Республика күніне орай бастау алған «Саған кітап арнадым» акциясы. Оның мақсаты – жақын адамыңа кітап сыйлап, ішіне жылы лебізіңді жазу және осы бастамамен әлеуметтік желіде бөлісу.

Бастамаға марафон қатысушылары, оқушылар, студенттер, мұғалімдер, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Акция арқылы кітап сыйлау дәстүрін дәріптеп, оқуға деген қызығушылықты арттыру көзделген. Ал әрбір сыйға тартылған кітап – білім мен рухани құндылықтарды насихаттауға қосылған үлес.

СНХР: ҚАЙЫРЖАН МӘЛІКОВА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ  ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:


Бөлісу