Медицина саласындағы жаңа мүмкіндіктер
Өңір медицинасы жаңа деңгейге көтерілуде. Облыста дәрігерлердің еңбек жағдайын жақсартып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған заманауи нысандар салынып жатыр. Ірі жобалардың жүзеге асырылу барысымен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танысты. Министр аралаған нысандардың қатарында жаңа жедел жәрдем станциясы, 480 орындық көпбейінді аурухана және даму ерекшеліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы бар.
Жаңа жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы – өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы маңызды жобалардың бірі. 1905 жылы салынған қазіргі ғимарат апатты жағдайда тұр әрі заман талабына сай келмейді. Жаңа кешен медицина қызметкерлеріне жұмыс істеуге, кәсіби білімін жетілдіруге және тынығуға мүмкіндік береді.
СНХР: АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Жоба бойынша жалпы ауданы 7 мың 700 шаршы метр болатын төрт қабатты ғимарат салынады. Нысанның жобасына Астанадағы орталық жедел жәрдем станциясының үлгісі негіз болған. Жаңа кешенде қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз арттыруға арналған симуляциялық орталық, 20 көлікке арналған гараж, жөндеу және бояу бокстары, сондай-ақ жеке шиномонтаж шеберханасы болады. Қазір қаладағы жедел медициналық жәрдем қызметінде 390 адам еңбек етеді. Ал облыс аудандарында тағы 450 маман жұмыс істейді.
СНХР: ЮРИЙ БЕЛОНОГ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жедел жәрдем станциясынан бөлек, Ақмарал Әлназарова 480 орындық көпбейінді аурухана мен мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының құрылысымен де танысты. Соңғы нысанда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Орталық іске қосылғаннан кейін балалар қажетті оңалту көмегін алып, заманауи жағдайда сауығу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жобалардың жүзеге асуы өңірдің медициналық инфрақұрылымын дамытуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашпақ.