Болашақ десантшылар әскерге аттанды
Петропавлда әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Солтүстік Қазақстан облысынан 20 жігіт еліміздің оңтүстік астанасына аттанды. Алматыда олар десанттық-шабуылдау бригадасының қатарында мерзімді әскери қызметін өтейді.
Жігіттерді шығарып салуға туған-туыстары, қала мен облыс басшылығының өкілдері және қоғам белсенділері жиналды. Болашақ десантшыларға әскери қызметшілер мен офицерлер ақыл-кеңестерін айтып, сәттілік тіледі. Жастарды өмірлеріндегі маңызды оқиғамен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі де құттықтады. Ғауез Нұрмұхамбетов өз сөзінде бұл бөлімде қызмет ету төзімділікті, батылдықты, бір-біріне қолдау көрсетуді және жауынгерлік бауырластыққа адал болуды талап ететінін атап өтті. Өңір басшысы үшін бұл кездесу ерекше мәнге ие. Өйткені бала кезінен десантшыларды ерлік пен батылдықтың үлгісі санаған. Кейін өзі де десанттық-шабуылдау әскерлерінде мерзімді әскери қызметін өтеген.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ – СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Мұндай таңдаулы әскери бөлімге кез келген адам қабылдана бермейді. Десанттық-шабуылдау әскерлеріндегі қызмет мінсіз денсаулықты, психологиялық төзімділікті және, ең бастысы, жоғары физикалық дайындықты талап етеді. Сондықтан әскерге аттанар алдында 20 жас іріктеуден өтті.
СНХ: ТИМУР ӘЛЖАНОВ – «Әскер-аналар көзімен» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Сарбаздардың арасында Петропавл қаласы мен, аудандардан шақырылған жастар да бар. Мәселен, 20 жастағы Алексей Макаров Мағжан Жұмабаев ауданындағы Булаево қаласынан келген. Ол әскерге өз еркімен баруды ұйғарған. Енді оны еліміздің оңтүстігінде өтетін бір жылдық әскери қызмет күтіп тұр.
СНХ: АЛЕКСЕЙ МАКАРОВ – ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ:
Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны басталғалы Солтүстік Қазақстан облысынан 300-ден астам жас мерзімді әскери қызметке аттанды. Жыл соңына дейін тағы 500-ге жуық азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.